Прогресс орында тұрмайды, және қазіргі таңда алаяқты тек көшеде ғана кездестіре алмайсыз. Технологиялардың дамуына байланысты бөтен әмияндарды аңдып жүретіндер виртуалды кеңістікті де меңгеріп алды. Олардың құрбаны болудан қалай сақтануға болады? Желіде ең танымал тәсілдерді қарастырайық.
Әлеуметтік желілерде ұқсас хабарламаларды алмаған адамды тауып алу қиянға соғатын шығар. Жиі олар – енді сіздің ақшаңызды қалайтын қаскүнемдер сіздің досыңыздың есеп жазбасын бұзды дегенді білдіреді. Алайда, көбісі бүгінгі күнге дейін алданып қалады. Тексеріп көрудің ең қарапайым тәсілі – досыңызды сіздің ұялы телефоныңызға қоңырау шалып, не болғанын айтып беруді сұраңыз. Егер қоңырау барып тұрмаса (ықтималдылық – 99%), онда алаяқтар тағы біреуді алдап кетпес үшін әлеуметтік желінің қолдау қызметіне жазыңыз.
Мысалы, сізге шотқа немесе түбіртекке төлеу керек, сіз банктің сайтына кіресіз, соманы енгізесіз, операцияны жасайсыз, және ... сіздің ақшаңыз белгісіз бағытта кетеді. Оны оңай түсіндіруге болады – сіз ұқсас сайтқа тап болдыңыз. Ол банктің ресми сайтына қатты ұқсас, бірақ Оңтүстік Американың, Африканың немесе басқа қашықтықтағы өңірдің домендік аймақтарының бірінде тіркеледі. Қарапайым сұлба: адамдар браузердің мекенжай жолына мұқият қарамайды және сайт әдеттегі сайтқа тек ұқсайтынын түсіне бермейді, шынында ол мүлдем басқа парақша болып табылады
Оны қалай болдырмау керек? Әрқашан мекенжай жолына назар аударыңыз: клон сайтта қате жіберілетін болады. Сатып алуға тек қорғалған байланысы және төлем жүйесінің белгісі бар сайттар арқылы ғана төлеңіз. Сайттың мазмұнын да мұқият оқыңыз – жиі қаскүнемдер сайттың толтырылуына мән бермейді және телефондардың шынайы нөмірлерін көрсетпейді, алайда барлық ірі банктерде тегін жұмыс желісі жұмыс істейді
Қоңырау шалып, өз қауіпсіздігіңізді растауға ұялмаңыз! Оның үстіне, сіз әрқашан шынайы банктердің сайттарында құжаттарды, тіркеу туралы куәліктерді және өзге де деректемелерді тауып аласыз, әдетте олар жалған сайттарда болмайды. Ақыр соңында, сайттың мекенжайын қолмен термеу үшін жиі пайдаланатын сайттарды қойыншаға қосыңыз – сонда сіз атауында қате жасамайсыз және бірден сізге қажетті сайтқа тап боласыз.
«Фишингтің» тағы бір түрі – жалған интернет-дүкенді пайдалану. Тиімді бағамен тауарды сатып алу үшін сіз картаңыздың деректерін енгізесіз және дәл осы жерде сіз ұсталасыз. Сіздің төлеміңіз туралы ақпарат реттеледі, және сіздің ақшаңыз «теріс» шотқа аударылады. Бұл ретте тіпті банктің сіздің ұялы телефоныңызға жіберетін төлемді растау коды көмектеспейді – сіз өзіңіз оны алаяқтардың сайтындағы арнайы терезеге енгізесіз. Мұндай жағдайда тек бір кеңес беруге болады: өмірде ғажайып нәрсе өз-өзінен бола салмайтынын есте сақтаңыз, және егер тауар бірнеше есе төмен бағамен ұсынылса, мұнда бірдеңе дұрыс емес екені анық.
Сауда жасар алдында Желіде дүкен туралы ақпаратты іздеңіз, ол туралы пікірлерді оқыңыз. Барлық әдеттегі дүкендер төлем нұсқасын таңдауға мүмкіндік беретінін есте сақтаңыз, олардың арасында тауарды жеткізу кезінде курьерге төлем жасау да бар. Төлемді растау коды бар СМС-те не жазылып тұрғанын мұқият оқыңыз – банк сатып алу сомасын және шотты ұсынған ұйымның атауын нақты келтіреді.
Кереметтің бәрі қарапайым болып келеді деп осы алаяқтық тәсілінің өкілдері шешті, және олардікі жөн болып шықты. Шынында да, құрбанның картасы туралы деректерді қалай иеленуге болады деген айлалы сұлбаларды ойлап табудың қажеті қанша? Жай ғана тік сұрауға болады емес пе?... Бұл сандырақ болып көрінсе де, жұмыс істейді: банктің жүздеген клиенттерінің арасында телефон арқылы бейтаныс адамға барлығын айтып беретін бірнеше клиент табылады. Әдетте, алаяқ өзін қауіпсіздікті тексеретін немесе жай ғана қажетті мәліметтерді нақтылайтын банктің қызметкері ретінде таныстырады.
Күтпегендік әсері оған мүмкіндік туғызады. Күнделікті өмірде адамдар, әдетте, қырағылық танытпайды, олар кез келген сәтте шабуылды күтпейді. Ал мұндай қоңырау – сіздің банктік шотыңызға шабуыл болып табылады
Кеңес: шынында да, кейде банктер қажетті ақпаратты сұратуы мүмкін, мысалы, сіз соңғы бірнеше күн қандай да бір операцияны жасауға жүгіндіңіз. Бірақ, бұл жағдайда сіздің сөйлесіп жатқан қызметкердің есімін және лауазымын сұрауға, ал кейін банкіңізге қоңырау шалып, онымен байланыстыруды сұрауға толық құқығыңыз бар. Әдетте, банктерде операторлар арасында қоңырауларды қайта адрестеу бар. Осылайша, сіз өзіңізді қауіпсіздендіресіз және сіздің жинақ ақшаңызға бел байлаған виртуалды ұрымен емес, ал банктің қызметкерімен сөйлесіп жатқанына көз жеткізесіз.
Алдағы тәсілдің агрессивті түрі шамамен былай естіледі: «Қазір сіздің картаңыздан ақша есептен шығарылуда, бізге шұғыл түрде ақпаратты тексеру қажет. Картаның нөмірін, қолданылу мерзімін және сыртқы жағында басылған соңғы үш санды атаңыз». Не болмаса: «Сіздің картаңыз бұғатталды, шұғыл Х ХХХ XXX XXXX нөміріне хабарласыңыз». Нұсқалары әр түрлі, бірақ мағынасы бір: тез арада сізді күйзелісті хәлге түсіру. Бұл үшін тез, шұғыл, қауіп және қорқынышты тудыратын басқа да «ілгек сөздер» қолданылады. Міне, сіз үрейленіп бейтаныс адамға деректеріңізді атап отырсыз немесе банкке тиесілі емес нөмірге қоңырау шалып отырсыз, тіпті жағдайды талдауға тырыспайсыз. Кеңес: алданбаңыз. Банкіңіздің ресми нөміріне хабарласыңыз және картаңыз туралы нақты ақпаратты біліңіз. Ол интернет алаяқтардың нысаны болғанын қоспағанда, картаңызға ештеңе болмас.
Ата-ананың сезімін және негізгі түйсіктерді пайдаланатын ең тиянақсыз әрі арсыз (бірақ, өкінішке орай, тиімді) сұлба шығар. Тіпті сіздің балаңыз қасыңызда отырса да, сіз мұндай хабарлама алып, қорқып кетесіз. Ал егер де балаңыз қасыңызда болмаса ше?... Мұндай жағдайда сабырлықты сақтау оңайға соқпайды, бірақ сабырлық таныту керек, себебі сізде бар ең қымбаттыны баурап, алдап отыр.
Әйелдердің тым сенгіштігін және өзің сүйікті сезіну ықыласын неге пайдаланбасқа?! Әсіресе, бұл интернет арқылы танысу заманында өзекті болып келеді. Мұндай алаяқтықтың сұлбасы өте қарапайым, және былай көрінеді: сізбен интернетте танысқан ықтимал күйеу жігіт сізге қымбат сыйлық (мысалы, телефон, ноутбук немесе зергерлік бұйым) жіберетініне уәде береді. Кейін жігіт кенеттен жеткізуді төлеуге ұмытады, нәтижесінде сыйлық жолданым иесіне жетпейді, және ол сізге бұл шығындарды өзіңізге алуды сұрайды. Кездескен кезде жігіт бұл ақшаны қайтаратынына уәде беретінін ескеріп, тек қана жеткізу үшін ақы төлеуден кім бас тартады?
Кейін Сізге пошта немесе СМС арқылы курьерлік қызметтің сайтына сілтемесі бар шот келеді, бірақ қажетті соманы жіберген соң алаяқ болмайтын сыйлықпен бірге жоғалып кетеді. Осындай аз уақыт ішіндегі махаббат. Кеңес... сіз білесіз ғой, солай ма?
Алдаудың тағы бір қарапайым түрі «Миллионердің мұрасы» деп аталады. Бұл жағдайда сізге заңгер сияқты адам жазады, хабарламасында сіз үлкен мұрасын қалдырып, қайтыс болған миллионердің тегі бір адам болып табылатынын хабарлайды және не бары азғантай сыйақы үшін сіздің туыстығыңызды дәлеледеуді ұсынады... Сандырақ болып естіледі, дегенмен тіпті мұндай сұлбалар да кейде жұмыс істейді. Бірақ бұл сіз тап болған жағдай емес қой?
Сонымен, енді сіз қаржылық операцияларды жасау және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде неге назар аудару қажет екенін білесіз. Біз сізді мұқият болуға және алаяқтардың қармағына түспеуіңізге шақырамыз. Ақшаңызды қайда жіберіп отырғаныңызды тексеріңіз, білмейтін адамдарға карталарыңыз туралы ақпаратты сеніп тапсырмаңыз. Қаражатыңызды сақтаңыз және өз туғандарыңызды алаяқтардан қорғаңыз!
© 2020 dengiclick.kz
«Lending and Financy technologies» микроқаржылық ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. БСН 150840012933. 15.03.2016 жылдан бастап № 27.16.006 ҚР ҰБ есептік тіркеуге тұрды. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияға 12.03.2021 жылдан бастап тіркелді №10.21.004М. Заңды мекенжайы: 150 000, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 134 үй. Бас директоры: Пузенко Никита Сергеевич
ГЭСВ при оформлении микрокредита до 46%.