Егер сіз онлайн қарыздарды бір рет пайдалансаңыз, банкте несие ресімдеуден гөрі, оларды алу айтарлықтай жеңіл және ыңғайлы екенін сөзсіз білесіз. Сондықтан қазіргі таңда көптеген азаматтар несиелендірудің дәл осы тәсілін ұнатады.
Алайда, мұнда бір гәп бар: мұндай қарыздардың сомасы әрқашан шектелген, әдетте ол 300 000 теңгеге дейін. Бірақ сізге айтарлықтай көбірек керек болса, ал банктер несие беруден бас тартса не істеу керек?
Амал бар екен: соңғы кезде көптеген несие ұйымдары көлік кепіліне қарыздар бере бастады, және мұндай қарыздардың сомасы енді 5 000 000 теңгеге дейін болуы мүмкін, бұл сіздің көлігіңіздің құнына және жай-күйіне байланысты болады.
Мұндай қарыздардың жақсы және жаман жақтарын егжей-тегжейлі қарап шығайық.
Жүргізу құқығымен және жүргізу құқығынсыз көлік кепіліне берілетін қарыздарды айыру қажет екенінен бастайық. Екі жағдайда да сіз қарыз шартымен бірге көлік құралын кепілге қою туралы шартқа қол қоясыз, алайда бірінші жағдайда көлік сізде қалады, сіз оны жүргізуді жалғастыра аласыз, бірақ оны сата алмайсыз немесе борыштың бүкіл сомасын төлегенге дейін онымен басқа мәмілелерді жасай алмайсыз.
Екінші жағдайда сіз берешекті өтегенге дейін көлік несиегердің аумағында қалады. Әдеттегідей, мұндай талаптарда несиегер үлкен соманы беруге дайын. Әрбір нұсқаның жақсы және жаман жақтары бар, қайсысын таңдайтынын өзіңіз шешесіз.
Мұндай қарыздарды өтеуге келсек, мұнда да екі нұсқа бар: сіз оларды аннуитенттік тепе-тең төлемдермен өтей аласыз немесе жеке өтеу кестесін таңдай аласыз, ол бойынша ай сайын тек қана пайыздар төленеді.
Көлік кепіліне берілетін қарыздардың негізгі артықшылықтары неде?
1. Біз айтып кеткендей, негізгі және бастысы, бұл қарыз сомасы – ол әдеттегі қарыздарға қарағанда, едәуір көп, және жеке ұйымдарда сіздің көлігіңіздің нарықтық құнының 90% жетуі мүмкін.
2. Кепілдің бар болуының есебінен пайыздық мөлшерлеме де әдеттегі қарыздарға қарағанда, төмен болады – күніне 0,12%.
3. Қарызды өтеу мерзімі едәуір ұзағырақ болады (12 айға дейін), бұл ретте қайтару бір реттік емес, ал бірнеше төлемдермен жүзеге асырылады, бұл әлдеқайда ыңғайлырақ.
4. Ресімдеу жеделдігі және жеңілдігі. Көлік кепіліне ақша алу туралы өтінімді, әдеттегі қарыздарды алу кезінде де жиі онлайн беруге болады, ал ол қаралғаннан кейін (әдеттегідей, сол күні) көліктің құнын анықтау және ақшалай қаражат алу үшін кеңсеге келуге болады. Құжаттардан сізге жеке куәлік және көлік құралының техникалық төлқұжаты, кейбір ұйымдарда – жүргізуші куәлігі мен АҚЖС сақтандыру полисі де қажет болады.
5. Бас тартудың төмен пайызы. Кепілге қою арқылы қарыз алу өте оңай, ол үшін сіздің көлігіңіз жүруі және жарамды күйде болуы жеткілікті. Сонымен қатар, кейбір ұйымдарда шығарылған жыл бойынша шектеулер бар, әдетте – 10-15 жылдан аспаған. Қарыздар Қазақстанның 21 жасқа толған барлық азаматтарына беріледі.
Көріп тұрғаңыздай, шарттар өте ыңғайлы, дегенмен мұндай қарыздарда кемшіліктер бар:
Осылайша, көлік кепіліне қарыздарды, егер:
Сонымен қатар, «Деньги.Маркетте» сіз алтын және техника кепіліне өте тиімді шарттармен – бұйымның нарықтық құнының 80% дейін ақша алуыңызға болады. Қарыздың ең көп мерзімі – тоқсан күн. Осы уақыт ішінде сіз мүлігіңізді сатып алуыңызға, не болмаса қарызды пайдаланғаны үшін тек қана пайыздарды төлеп, кейінгі іске асыру үшін оны ломбардта қалдыруыңызға болады.
Бұл көлік кепіліне қарыздарды алуға дайын емес адамдар үшін мінсіз амал, өйткені мұнда тәуекелдер аз. Бұдан басқа, мүлікті бағалау және қарызды ресімдеу өте тез жүзеге асырылады, сіз ақшаны біздің бөлімшеге жүгінгеннен кейін бес минуттан соң аласыз.
Ыңғайлылық үшін біздің сайтта сіздің бұйымыңыздың алдын ала құнын онлайн-есептеу бар – оны пайдаланып, сіз үйден шықпай-ақ, қолыңызға алатын нақты соманы біле аласыз.
Сондықтан:
уайымдамаңыз және «Деньги.Маркетке» қауіпсіз әрі ыңғайлы қарыздарға емін-еркін келіңіз!
© 2020 dengiclick.kz
«Lending and Financy technologies» микроқаржылық ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. БСН 150840012933. 15.03.2016 жылдан бастап № 27.16.006 ҚР ҰБ есептік тіркеуге тұрды. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияға 12.03.2021 жылдан бастап тіркелді №10.21.004М. Заңды мекенжайы: 150 000, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 134 үй. Бас директоры: Пузенко Никита Сергеевич
ГЭСВ при оформлении микрокредита до 46%.