Dengiclick Dengiclick.kz Logo Dengiclick.kz Logo 8 (700) 700 77 07 info@dengiclick.kz
8 (700) 700 77 07
9:00 - 21:00, демалыссыз
×

ӨЗІҢДІ ОНЛАЙ-ҚАРЫЗДАРМЕН БОЛАТЫН АЛАЯҚТЫҚТАН ҚАЛАЙ ҚАУІПСІЗДЕНДІРУГЕ БОЛАДЫ?

БАСТЫ / МАҚАЛАЛАРДЫ / Өзіңді онлай-қарыздармен болатын алаяқтықтан қалай қауіпсіздендіруге болады?
Өзіңді онлай-қарыздармен болатын алаяқтықтан қалай қауіпсіздендіруге болады?

(біздің клиентіміздің шынайы оқиғасы)

Соңғы жылдары онлай-қарыздармен өте көп алаяқтық оқиғалар туындай бастады, олардың құрбандары несие ұйымдары, сонымен қатар кінәсіз азаматтар да болады. Бұл қалайша болады және оның қандай салдары болуы мүмкін – біздің клиентіміздің шынайы оқиғасында оқыңыздар.

«Барлығы 2020 ж. 12 қаңтарда басталды, маған Х ұйымынан кенеттен қоңырау шалды және менен өткен жылдың желтоқсан айында олардан алған 50 000 теңге көлеміндегі қарызды қайтаруды сұрады. Әрине, мен мұны қателік деп санадым, себебі мен сол уақытта еш жерде бірде-бір рет қарыз алмадым. Мен бұл туралы өзін осы ұйымның өндіріп алу бөлімінің қызметкері деп таныстырған еркекке айттым, алайда ол маған менің дербес деректерімді сенімді айтып шықты.

Мен қатты таңғалдым, бұл қалай болғаны? Әлдекім менің жеке куәлігіме әлдеқалай  қарыз ресімдегені болып шықты. Бұдан басқа – бұл несие ұйымында, қызметкердің айтуынша, бетімнің деңгейінде ұстап тұрған суретім болды!

Алдымен мен полицияға қаскүнемдер менің дербес деректерімді ұрлап алды және олар арқылы заңсыз қарыз ресімдеді деген шағыммен жүгіндім. Бірақ, жеке куәлігім жоғалмағандықтан, бұл жағдайда жәбірленген тарап несие ұйымының өзі болып табылатына сілтеме жасап, іс қозғаудан бас тартты. Бірақ есесіне маған кейін қандай әрекеттер жасау екені жөнінде кеңес берді.
Ең алдымен, мен несие ұйымынан олардан алған деген қарыз туралы барлық ақпаратты, және несие шарты жасалуының нақты күнін, сонымен қатар ол арқылы қарыз шартына sms-қол қою жүзеге асырылған телефон нөмірін сұраттым. Кейін ұялы байланыс операторынан осы нөмір менің атыма ресімделмегені туралы жазбаша растау алдым. Оның үстіне мен қарыз берілген күні өзімнің нақты телефон нөмірінен смс-хабарламалардың деректерін сұраттым.

Сонымен қатар, менің атыма басқа ешқандай қарыздар немесе несиелер ресімделмегеніне көз жеткізу үшін мен «Бірінші несие бюросы» сайтында өзімнің несие тарихымды тексердім. Мені таңғалдырғаны – мен дәл сол күні Х компаниясында қарыз ресімдегенде, менің дербес деректерім бойынша тағы бірнеше несие ұйым қарыз ресімдеуге тырысты! Бағыма орай, қалған компаниялар несие беруден бас тартты. Мүмкін, алаяқтар өтінімдерде көрсеткен телефон нөмірі менің атыма ресімделмегендіктен болғаны шығар.

Бұдан кейін мен несие ұйымына ұялы байланыс операторынан алған құжаттарды қоса, мен оларға ешқашан жүгінбегенім және оларда қарыз ресімдемегенім, ал менің деректерімді алаяқтар ұрлағаны туралы өтініш жаздым. Сонымен қатар, менің атыма қарыз ресімдегісі келген барлық қалған ұйымдарға жүгіндім, және осы өтінімдерге қатысым болмағандықтан, менің несие тарихымды тазартуды сұрадым.

Бұдан кейін мен өзімнің құқықтарымды қорғауға және, керек болса, сотта қарызға қатысымның жоқтығын дәлелдеуге дайындалдым. Бірақ, бағыма орай, бұл қажет болмады – несие компаниясы жеке тексерісін өткізді және менен қарызды өтеу бойынша барлық талаптарды алып тастады. Біраз уақыттан кейін мен кедергісіз Деньги.Click-тен қарыз ала алдым.

Менің оқиғам сәтті аяқталды, бірақ барлықтарыңызды сақтандырғым келеді: тексерілмеген интернет-ресурстарда дербес деректеріңізді қалдырудан сақ болыңыз! Алаяқтар ұйқыда жатпайды, ал олардың тапқырлығы жыл сайын тек қана өсіп жатыр. Ақырында мен интернет-сервистердің бірінде тіркелген кезде жеке куәлігіммен селфи жасағанымды еске түсірдім, сонда мен еш қауіпті сезбедім, бірақ қазір қаскүнемдер сол кезде менің деректерімді ұрлады деп ойлаймын.

Сақ болыңыздар және құжаттарыңызды сақтаңыздар!
Мәдина, Астана қ.

«Деньги.Click» мұндай сақтандыруға тұтастай қосылады! Сіздердің дербес деректеріңіздің қауіпсіздігі – сіздердің тыныштығыңыздың кепілі, және ол тек қана сіздердің қолдарыңызда екенін есте сақтап жүріңіздер!

Алаяқтықтың құрбаны болмас үшін қарапайым ережелерді сақтаңыздар:
1.    Жеке куәлігіңіздің көшірмелерін таныс емес немесе шала таныс адамдарға бермеңіз. Немесе, мұндай қажеттілік туындаса, оны сізге зиян келтіруге пайдалану мүмкін болмас үшін міндетті түрде онда ол қандай мақсаттарда ұсынылатыны жөнінде ескертпе көрсетіңіз.
2.    Құжаттардың скандарын виртуал дискілерде және қоймаларда сақтамаңыз – сіздің аккаунтыңызды бұзуы мүмкін, және сонда сіздің деректеріңіз қаскүнемдерге кетіп қалады.
3.    Әрдайым (жылына кемінде бір рет) несие тарихыңызды тексеріңіз. Бұл сіздің атыңызға ешқандай бөтен несие немесе қарыз ресімделмегеніне сенімді болуға, сондай-ақ коллектордан күтпеген қоңыраулар немесе сотқа шақыру қағазы түріндегі жағымсыз тосын сыйларды болдырмауға көмектеседі. Алаяқтық фактісі туралы уақытында білгеніңіз және одан тезірек құтылуыныз дұрыс, өйткені кім ескертілді, сол қаруланды.
4.    Әрине, сізге қызметтесуге ыңғайлы және қауіпсіз болатын, тек сенімді әрі тексерілген несиегерлерден ғана нақты қарыздар алыңыз!

«Деньги.Click» әрқашан өз клиенттерінің әл-ауқаты мен жан тыныштығын қорғайды.

Сіздерді қарыздар алуға күтеміз!

 

Жаңа микрокредитке өтініш бере алмайсыз Вы временно не можете подать заявку на займ. Пожалуйста, попробуйте подать заявку позже.
Микрокредитті ң қайтару күні:
Қайтарылатын сома: