×
МАҚАЛАЛАРДЫ
БАСТЫ / МАҚАЛАЛАРДЫ / Ақшаны қалай жинау керек?
Ақшаны қалай жинау керек?

Ақшаны қалай жинау керек деген сұраққа кемінде екі негізгі жауап бар:

- жаппай үнемдеуге сүйеніп, бюджетті дұрыс есептеу.

- оңтайлы жинақтаушы шотын іздестіру.

Бірінші нұсқа туралы бірнеше рет естіген болатын шығарсыз, себебі біздің әжелеріміз бен аталарымыз отбасының қаржы қаражатына ғана емес, сонымен қатар қарапайым тұрмыстық жабдықтарға қатысты ұқыптылық мәселелері бойынша қатаң «ұсынымдарды» берді. Кәдімгі сабынға, жеке азық-түліктерге және т.с. қатысты. Әсіресе бұл тақырып 90-шы жылдары, Қазақстанда, сол сияқты Ресейдің кез келген өңірінде өзекті болды, мұндай тауарлардың айқын тапшылығы болды.

- Несиеге онлайн өтінім

Осының барлығы бүгін де елдің кейбір тұрғындарының тұрмысында орын алады, бірақ әдеттегі ахуалға деген мұндай тәсілдеме ауыр күйге түсіреді. Себебі өзіме «осыны» немесе «басқасын» алуға мүмкіндігім жоқ екені туралы үнемі ойлау керек, тіпті ұмытып кету керек. Қисынды сұрақ туындайды – тіршілік етуге қаржының үнемі жетіспеушілігі ауыртпалығынан қалай құтылуға болады және армандарды ұмытып, ақшаны қалай дұрыс жинауға болады?

Бұл жағдайда жинақтаушы шот сіздің қаржылық жағдайыңызды тым жоғары деңгейге көтеретін дәл сол құтқаратын балама болуы мүмкін.

Қазіргі жағдайда ақшаны қалай жинауға болады?

Астана қаласының көптеген тұрғындары орынды сұрақ қояды, елде әрқашан бір оқиғалар болып жатқанда және жоспарларға жиі инфляция араласқанда, ақша жинауды қалай үйренуге болады?

Даусыз факт. Бірақ сонымен бірге, бірінші көзге көрінгендей, барлығы соншалықты жаман емес. Бірқатар сенімді тәсілдер бар, «Деньги Click» порталында үй, пәтер сатып алуға немесе басқа да қажеттіліктерге ақшаны қалай жинауға болатын идеяға жетелейтін бірнеше тірек сөздерді тауып алуыңыз мүмкін. Мұндай кеңестердің бірі жинақтаушы шот болып табылады.

Оның көмегімен ақшаны қалай жинауға болады?

Айтарлықтай оңай болып шықты. Бұл ретте мұны ұлттық, сонымен қатар шетел валютасымен жасауға болады. Ақшаны банк арқылы қалай жинауға болады Қаражат жинаудың банктік қызметі «жинақтаушы шот» деп аталады. Ақшаны қалай жинауға болатынын түсіндірмес бұрын, алдымен жинақтаушы шот дегеніміз не екенін білейік. Анықтама бойынша, жинақтаушы шот классикалық жедел депозит пен ағымдағы шот арасындағы орташа нәрсе. Бұл ретте, негізінде оның «жұмыс істеу тәртібі» ағымдағы шотқа ұқсас. Оған ақша салуға және қажеттілік бойынша шешуге болады. Алайда, бұл жағдайда пайыздар депозиттік пайыздық мөлшерлеменің жартысына тең болады.

Оған қоса, Алматының кейбір банктері жинақтаушы салымды ұстап қалудың бірегей ережелерін ұсынады, олар шотта үлкен соманы жинақтау міндетін жеңілдету мақсатында, бүкіл «жинақтаушы» үдерісті өзімен-өзі жарысу ойынына айналдырады.

Бұл жұмыс істейтінін мойындау керек! Бірақ әзірше, стандартты шарттарды қарастырайық:
- салымшының шотында «белгілі» сома бар.
- ол қажеттілік бойынша ақшаның бір бөлігін шешуге, не болмаса жаңа соманы салуға құқылы.
- айдың соңында пайыздар есептеледі. Тиесілі пайыздарды есептеу үшін негізгі нүкте шотта бүкіл ағымдағы кезең ішінде сол күйінде қалған ең ақырғы минимум болып табылады.

Көрнекілік үшін бір айға үлгі сұлбаны салуға болады:
- 100 000 тг. шот ашылады.
- Іс барысында оған 20 000 тг. қосылады.
- Белгілі кезеңде 35 000 тг. шешіледі.
- Кейін 80 000 тг. салынады.

Барлық әрекеттердің нәтижесінде, пайыз 85 000 теңгеге есептеледі, себебі белгілі кезде сыни меже осы деңгейде ұсталды және төмен түспеді. Әдеттегідей, мұндай жағдайларда пайдаланушыға біршама азғантай пайыздық мөлшерлеме,  жылдық 4-тен 5 пайызға дейін ұсынылады. Дегенмен, мұнда бір мән бар. Әсіресе қаражаттарды белсенді пайдалану жағдайында. Бұдан басқа, кейбір банктер пайыздардың сатылы мөлшерлемесін ұсынады, оның ережелері бойынша, шотта ақша неғұрлым көп жатса, өткен айда соғұрлым пайыз жоғары болады.

Жеке жағдайларда банк шетел валютасымен жинақтаушы салымды ұсынуы мүмкін. Мұндай жағдайларда пайыздық мөлшерлемеге сенуге тура келмейді, себебі ол өте төмен. Бірақ есесіне, әрқашан «адал тапқан ақшаны» сақтауға және оны шешу кезінде ештеңе жоғалтпауға болады. Сонымен қатар, қаражат жинаудың басқа да тиімді тәсілдері бар.

Белгілі мақсатқа ақшаны қалай жинау және ол үшін айдың аяғында қалай сыйлық алуға болатыны жөнінде білгіңіз келе ме? Немесе қалай ақшаны автоматты түрде тез жинауға болады? Мұндай мүмкіндіктерді де қарастырайық.

Мақсатты жинақтау дегеніміз не?

Клиент банкке жүгінеді және оған белгілі кезеңде белгілі сома жинақтау қажет екенін хабарлайды. Осы мақсатпен ұйым қатарлас міндетті толықтырулар кестесін есептеп, тек қана осы жобаға байланған, жинақтарға арналған арнайы шот ашады. Өтініш берушіге тиісті төлемдерді ынтамен енгізіп, осы кестені ұстану қалады. Шарттың аясында келісілген мерзімде белгіленген сомаға қол жеткізілген жағдайда, банк тиісті пайыздарды есептейді.


Бірақ! Бонус ретінде клиентке сыйлықақы беріледі.

Бұл:
- тарифтік жеңілдіктер,
- таңдалған кезең ішінде тегін қызмет көрсету,
- не болмаса серіктес дүкендердің бірінде тиімді жеңілдікке промо-код түрінде көрсетілуі мүмкін.

Алайда клиент белгіленген ырғаққа шамасы келмегенде, салым шарттары нашарлайды. Мысалы, салым ұстаушы сыйлық алу құқығынан айырылуы мүмкін.

Автоматты жинақ қалай жұмыс істейді Классикалық сұлбаға сәйкес автоматты жинақ ақшалай қаражат басқа салымға (жалақы және өзге) түскенде, не болмаса сатып алуға басқа есеп айырысу шотынан (картадан) төленгенде жүзеге асырылады. Бұл ретте, клиент өзінің жинақтарын өзі бақылауға құқылы. Көрнекілік үшін: картадан жинақтарға арналған салымға ақшалай қаражатты кезекті жұмсаған кезде, одан 100 теңге көлемінде сома аударылатынын белгілеуге болады. Не болмаса, картаға жалақы аудару кезінде жинақ шотына автоматты түрде екі мың теңге кетеді.

Ал жинақтаушы салымның өзі стандартты аз пайызбен және қаражатты шешу мен толықтыру мүмкіндігімен әдеттегі болады. Жоғарыда айтылғанның барлығын қорытындылап, егер сіз өз шығындарыңызды өз бетінше дұрыс жоспарлауға күшіңіз келмейтін, қаржы жағынан тәртіпті адамдар қатарына жатпасаңыз, жинақтаушы шот ойластырылмаған шығындардан құтқаратын жалғыз панацея болады деген қорытындыға келеміз.

Ал егер сіз неден бастау керек екенін және ақшаны өте маңызды бір нәрсеге қалай тез жинауды білмесеңіз, «Деньги Click» ағымдағы қажеттіліктерге жедел қарыз алу мүмкіндігін беріп, әрқашан көмекке келеді.

ЖАҢА ҚАРЫЗДЫ РЕСІМДЕУ ҚОЛЖЕТІМДІ ЕМЕС Вы временно не можете подать заявку на займ. Пожалуйста, попробуйте подать заявку позже.
Қарызды қайтару күні:
Қайтарылатын сома:
* шарттың барлық талаптарын сақтаған жағдайда