ТЖ кезеңінде Қарыз алушыларды қолдау шаралары

16 наурыздан бастап Қазақстанда COVID-19 коронавирус індетіне байланысты ТЖ жарияланды. Инфекцияның таралуын алдын алу бойынша шектеу шаралары енгізілді. Көптеген тұрғындар қиын қаржылық жағдайға тап болды.

«Деньги Маркет» микроқаржыландыру және цифрлық несиелеу нарығында 2012 жылдан бастап жұмыс істейді және 8 жыл ішінде сенімді халықаралық компанияға айналды. Біз әрбір клиентімізге құрметпен және түсіністікпен қараймыз, сондықтан сіздерге қалыптасқан жағдайда көмектесу үшін барлық мүмкін шараларды қабылдадық, атап айтқанда:

1. Барлық біздің клиенттерімізге төтенше жағдай кезеңінде (16 наурыздан бастап 15 сәуірді қоса есептегенге дейін) айыппұлдар мен өсімпұлдардың есептелуі тоқтатылды
2. Негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемнің мерзімнен кешіктірілуі күнтізбелік 90 күннен артық болған жағдайда, микрокредит беру жөніндегі шарт бойынша сыйақы есептелмейді.
3. Негізгі борыш пен сыйақы сомаларын төлеуді тоқтата тұру тәртібі:
а. Егер сізге «Төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен халықтың, шағын және орта бизнестің қарыздары бойынша негізгі борыш пен сыйақы сомаларын төлеуді тоқтата тұру тәртібін бекіту туралы» 26.03.2020 ж. №167 Бұйрықтың 4-тармағының күші қолданылса, атап айтқан:
• халықтың әлеуметтік әлсіз топтары
• атаулы әлеуметтік көмек алушылары
• жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тіркелген жұмыссыз адамдар
Компания көрсетілген жеке тұлғаларға негізгі борыш пен сыйақы бойынша мерзімді ұзартуды қарыз алушыдан келісім алғаннан кейін ғана береді. Ол үшін қарыз алушыға newnpa@dengigroup.kz поштасына немесе dengiclick.kz. сайтында өзінің жеке кабинетінде мерзімді ұзартуға келісімін жіберу қажет.


б. Егер Сіз жоғарыда көрсетілген топқа жатсаңыз, Сізге newnpa@dengigroup.kz поштасына қаржылық жағдайдың нашарлау себептерін міндетті түрде көрсетіп, еркін нысанда өтініш жіберу қажет. Компания қарыз алушының өтінішін қарайды, 10 (он) жұмыс күн ішінде төлемдерді тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды:

Маңызды! Компанияда жеке тұлғаның қаржылық жағдайы нашарлауының болмауы туралы ақпарат болса, компанияның мерзімді ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдауға құқығы бар.

Сіз келесі құжаттармен таныса аласыз:

«Төтенше жағдай кезеңінде халыққа және кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету шаралары туралы» Үкіметтің №17 қаулысы

«Lending and Financy technologies» МҚҰ» ЖШС-нің ТЖ кезеңінде Қарыз алушыларды қолдау шаралары туралы бұйрығы

«Деньги населению» ЖШС-нің ТЖ кезеңінде Қарыз алушыларды қолдау шаралары туралы бұйрығы

Халықтың қарыздары бойынша негізгі борыш пен сыйақы сомаларын төлеуді тоқтата тұру тәртібін бекіту туралы бұйрық

«Lending and Financy technologies» МҚҰ» ЖШС-нің микрокредит беру туралы шарттар бойынша негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдерді тоқтата тұру туралы бұйрығы

«Деньги населению» ЖШС-нің микрокредит беру туралы шарттар бойынша негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдерді тоқтата тұру туралы бұйрығы

Егер сізде қандай да бір сұрақтар туындаса, біздің қолдау қызметімізге жүгініңіз:
• info@dengiclick.kz
• 8 700 700 77 07

Өз денсаулығыңызды және жақындарыңыздың денсаулығын күтіңіз! ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұйғарған қауіпсіздік шараларын сақтаңыз! Біз бірге кез келген қиын жағдайды жеңетіңімізді есте сақтаңыз.

Үздіктерге сеніңіз!

«Деньги Маркет» - сізге және сіздің жақындарыңызға деген қамқорлықпен.

Бізге қоңырау шалыңыз
Бізге жазыңыз
Біздің серіктестер

© 2020 dengiclick.kz

«Lending and Financy technologies» микроқаржылық ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. БСН 150840012933. 15.03.2016 жылдан бастап № 27.16.006 ҚР ҰБ есептік тіркеуге тұрды. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияға 12.03.2021 жылдан бастап тіркелді №10.21.004М. Заңды мекенжайы: 150 000, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 134 үй.

ГЭСВ при оформлении микрокредита от 819,12%.

Финансовая отчетность

Финансовая грамотность