Егер сіз онлайн-қарыз алуды шешіп, бұл туралы біреуге айтсаңыз, онда сіз қарыздар – бұл борышқорлық шұңқырға тікелей жол екені, ал несие ұйымдары – бұл олармен ешқашан байланысуға болмайтын дүниедегі жамандық екені туралы көп оқиға естіген болатын шығарсыз.
Жиі бұл пікірлер қарыз қаражаттарын пайдаланудың негативті тәжірибесіне негізделген, алайда мұндай тәжірибенің себептерін талдасақ, онда жағдайлардың көбісінде қарыз алушылар қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамағаны болып шығады.
Сондықтан біз клиенттерімізді қашан да «сәтсіз қарыздарға» әкеп соқтырған олардың шынайы оқиғалары мен қателіктерінің топтамасын келтіреміз. Олар мұндай тәжірибесімен бөліскенінің арқасында, енді сіздер олардың қателіктерін қайталамас үшін біз сіздерге олар туралы айтып береміз (барлық есімдер өзгертілген).
1 қателік. Қарызды кез келген, кейде тіпті заңсыз компанияда ал
Әлия ең алдымен нарықты зерттеп шығу, шарттарды салыстыру, несиегердің сенімділігін және оның қызметінің заңдылығын тексеру керек екенін білді ...
Алайда, ол бір несие компаниясы ұсынған төмен пайыздық мөлшерлемеге қызығып, бұл ережені елемеді. Нәтижесінде, ол оған шамадан тыс айыппұлдар мен санкцияларды есептеген несиегердің тарапынан толық бассыздыққа тап болды, және онымен күресу мүмкін болмады, себебі компания еш жерде тіркелмеді, және тиісінше, оның қызметі реттелмеді. Осының барлығы елеулі артық төлемдерге және бұзылған жүйке жасушаларына алып келді.
Кеңес: көңіліңіз қалмас үшін әрдайым басқа қарыз алушылардың несие компаниясы туралы пікірлерін зерттеңіз, сондай-ақ ол ҚР Ұлттық банкінің сайтында шағын қаржылық ұйымдар тізілімінде тіркелгенін тексеріңіз.
2 қателік. Несие шартын оқымау
Нәдір несиегерді таңдау кезінде пайыздық мөлшерлеменің көлемі және артық төлеу сомасы анықтаушы рөл атқарады деп санады, және бұл ретте ол:
берешекті өтеу кестесін қайта қарау мүмкідігі; ақшалай қаражатты енгізу және есептеу үшін комиссияның бар болуы; айыппұлдар мен өсімпұлдардың көлемі және есептеу тәртібі сияқты маңыздылығы кем емес басқа да шарттарға мүлдем назар аудармады.
Осының барлығы бір емес жағымсыз күтпегендіктерге және алданған болжалдарға әкеп соқтырды, сондықтан ол енді әрбір несие шартын жете зерттейді.
Кеңес: шешім қабылдамас бұрын несие шартының барлық талаптарын мұқият зерттеңіз және ол сізге лайық екеніне көз жеткізіңіз. Егер сізге қандай да бір талап түсініксіз болса, несие ұйымының маманынан ұялмай нақтылаңыз.
3 қателік. Қолда бар қарызды өтеу үшін жаңа қарыз алу
Динара берешекті уақытында өтей алмады, және оған несие ұйымында ол үшін басқа жерден тағы бір қарыз алуға кеңес берді. Ол қазір ең бастысы – борышты өтеу керек, ал кейін ол барлығын қайтарады деп шешіп, келісті, бірақ өзін шынайы борышқорлық шұңқырға айдап кіргізіп, одан бірнеше жыл құтылып жүрді.
Өкінішке орай, бұл өте кең таралған және әрдайым ұтылатын тактика. Сәтті несиелендірудің бірінші және ең басты ережесі – қаржылық жүктемені дұрыс есептей білу. Ол сіздің табысыңыздың 50%-нан аспауы тиіс, әйтпесе сіздің шамаңыз келмей, шынайы борышқорлық шұңқырға түсіп қалу тәуекеліне бел буасыз.
Кеңес: борыштардың жиналып қалуын болдырмау үшін бір ретте бір қарыздан артық алмаңыз. Тіпті мұндай идея сізге қызығарлықтай болып көрінсе, есте сақтаңыз, бұл сіздің проблемаларыңызды шешуге көмектеспейді, ал жаңа проблемаларды үлкен ықтималдылықпен жасайды.
4 қателік. Төлемдерді өткізу және несиегерлерден тығылу
Айгүлде қаржылық қиындықтар болды, және ол несиегерлердің қоңырауына жауап бермеді, себебі оларға борышты қайтара алмайтыны туралы айтуға қорықты. Нәтижесінде, жағдай тек қиындай түсті: онда айыппұлдар жинала бастады, кейін іске коллекторлар қосылды, қорытындысында сотқа дейін бара жаздады. Бақытына орай, ол уақытында есін жиып, несие ұйымымен байланысқа шықты.
Кеңес: қашу – бұл осы жағдайда әрекет жасауға болатын ең жаманы. Оның орнына несиегермен келісуге тырысу дұрысырақ болады. Жағдайыңызды түсіндіріңіз, сізге төлемнің мерзімін ұзартуды сұраңыз. Сіз қаншалықты несие ұйымдары сізбен ынтымақтасуға мүдделі екенін және коллекторларды тарту мен соттың істі қарауында мүдделі емес екенін біліп, таңғаласыз. Жағдайлардың көбісінде олар дайындықпен сізге түсіне қарайды және төлемдер кестесін қайта қарастырады.
5 қателік. «Көмекшілердің» (антиколлекторлардың) көмегіне жүгіну
Азатта қарызды өтеумен байланысты және коллекторлармен ауыр мәселелер болды, оның өмірінде «көмекші» пайда болып, оны қарыздан құтқаруға уәде бергенде, ол қатты қуанды, тіпті оған аванс ретінде соңғы ақшасын аударды. Одан кейін «көмекші» оны сол борыштармен, сондай-ақ сол кезде есептелген айыппұлдармен қалдырып, жоғалып кетті.
Мұнда бір ғана кеңес: уақытыңызды және ақшаңызды күмәнді әрі айқын алаяқтық сұлбаларға жұмсамаңыз, оның орнына несиегерлермен байланысқа шығыңыз және ортақ мәселеңізді бірге шешуге тырысыңыз. Сеніңіз, оның пайдасы айтарлықтай көп болады.
Біздің клиенттеріміздің оқиғалары сізге сақ болуға және ұқсас қателіктерді болдырмауға көмектеседі деп үміттенеміз. Қарыз қаражаттар – бұл біздің өмірімізді жақсырақ және ыңғайлырақ ететін маңызды қаржылық құрал екенін есте сақтаңыздар, бірақ оны дұрыс пайдалану керек!
Ал егер сіз қарыздың қауіпсіздігі мен сенімділігіне алаң болмасаңыз, «Деньги.Click» қош келдіңіздер! Біз ынтымақтастыққа әрқашан ашықпыз және дайынбыз, қызметті ҚР заңнамасына сәйкес жүзеге асырамыз, ал бастысы – клиенттерімізге қамқорлық көрсетеміз және оларға бізбен тыныш әрі ыңғайлы болу үшін барлығын жасаймыз.
Сіздерді қауіпсіз қарыздар алу үшін күтеміз!
© 2020 dengiclick.kz
«Lending and Financy technologies» микроқаржылық ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. БСН 150840012933. 15.03.2016 жылдан бастап № 27.16.006 ҚР ҰБ есептік тіркеуге тұрды. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияға 12.03.2021 жылдан бастап тіркелді №10.21.004М. Заңды мекенжайы: 150 000, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 134 үй. Бас директоры: Пузенко Никита Сергеевич
ГЭСВ при оформлении микрокредита до 46%.